Хроника АСБК. Весна 2019

Рубрика: Хроника
Выпуск №15, Весна 2019

АСБК внедряет SMART-подход в управление охраняемыми территориями

C 11 по 20 марта 2019 года в Нур-Султане прошел тренинг по внедрению системы мониторинга SMART в Казахстане. В тренинге приняли участие сотрудники Устюртского и Барсакельмесского заповедников, резервата Иле-Балхаш, ПО «Охотзоопром» и специалисты АСБК, в том числе экопарка «Алты Сай». SMART – это инструмент для пространственного мониторинга и подготовки аналитических отчетов. Он использует компьютерные программы и мобильные приложения, позволяющие собирать данные по животному и растительному миру и работе природоохранных инспекторов и егерей. В настоящее время SMART внедряется в более чем 500 охраняемых территориях в 48 странах мира. Внедрение SMART подхода позволит наладить обмен информацией между инспекторами, аналитиками и руководством охраняемых территорий, что существенно улучшит охрану видов и их местообитаний.


ҚБСА қорғалатын аумақтарды басқаруда SMART жүйесін енгізуде 

2019 жылдың 11-20 наурыз аралығында Астанада SMART мониторингтік жүйесін енгізу бойынша тренинг өтті. Тренингке Үстірт пен Барсакелмес қорықтары, Іле-Балхаш резерваты, «Охотзоопром» ӨБ» және ҚБСА, оның ішінде «Алты Сай» экосаябағының қызметкерлері қатысты. SMART - кеңістіктік мониторинг жасап, аналитикалық есептерді дайындауға арналған құрал. Ол компьютерлік бағдарламалар мен мобильді қосымшалар арқылы жануарлар мен өсімдіктер бойынша, сонымен қатар табиғатты қорғау инспекторлары мен қорықшылардың жұмысы бойынша деректерді жинауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта SMART әлемнің 48 елінде 500-ден астам қорғалатын аумақтарда енгізілуде. SMART жүйесі қорғалатын аумақтарда қызмет ететін инспекторлар, талдаушылар және басшылық арасында ақпарат алмасуды жақсартып, территориялар мен жануарлар дүниесін қорғау қызметінің тиімділігін арттырады.



Впервые за многие десятилетия на казахстанском Устюрте замечен кулан

Открытие было сделано во время плановой экспедиции АСБК на южный Устюрт по сбору дополнительной информации о биологическом разнообразии и антропогенных угрозах в регионе, проходившей с 18 по 29 апреля 2019 года. Откуда этот кулан попал на Устюрт - неизвестно. По предварительным версиям, животное проникло на территорию Мангыстауской области из Туркменистана, либо это представитель считавшейся истреблённой Актау-Бузачинской группировки куланов. Более детальные результаты экспедиции будут получены осенью текущего года, после сбора данных с установленных фотоловушек.


Көп жылдардан бері Үстіртте алғаш рет құлан байқалды 2019 жылдың

18-29 сәуір аралығында ҚБСА-ның Оңтүстік Үстіртте биологиялық алуантүрлілік және антропогендік қауіп туралы қосымша ақпарат жинау бойынша экспедициясы кезінде құлан байқалды. Құланның қай жақтан келгені белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, жануар Маңғыстау облысына Түркіменстаннан келген немесе жойылып кеткен Ақтау-Бұзашы тобынан қалған құланның бірі. Экспедицияның егжей-тегжейлі нәтижелері фототұзақтардан мәліметтер алынғаннан соң, ағымдағы жылдың күзінде дайын болады.





Алматинские школьники нарисовали птицу года

Городской конкурс творческих работ «Дрофа – птица степей» прошёл в клубе членов АСБК «Экокрай» при Дворце школьников г. Алматы. Школьники представили на конкурс более 50-ти творческих работ с изображением дрофы. Лучшими авторами рисунков стали Алина Фидик (изостудия ДАРиЯ), а также Наталья Монастырская и Виктория Ореховская (изостудия ДШ №5). До участия в конкурсе многие ребята ничего не знали о птице и не представляли, как она выглядит. Благодаря конкурсу, они познакомились с особенностями жизни дрофиных, обитающих в Казахстане, и их внешним видом.


Алматы оқушылары Жылдың құсын суретке салды 

"Дуадақ – дала құсы" атты қалалық шығармашылық жұмыстар байқауы Алматы қаласының оқушылар сарайы жанындағы «Экокрай» ҚБСА мүшелерінің клубында өтті. Оқушылар байқауға 50-ден астам дуадақ бейнеленген шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Ең үздік сурет авторлары – Фидик Алина, Монастырская Наталья және Ореховская Виктория. Байқауға қатысқанға дейін көптеген балалар дуадақ туралы аз білген. Байқаудан соң олар елімізде кездесетін дуадақтардың өмір сүру ерекшеліктерімен, сыртқы келбетімен және т.б. жақын танысты.



Три кулана помечены спутниковыми передатчиками 

26 апреля завершились работы по отлову и спутниковому мечению куланов в Кызылординской области. Один из ошейников оснащён камерой, снимки с которой поступают в базу данных каждый час. Мы уже получаем информацию о перемещении всех трех куланов. Эти данные позволят нашим специалистам в течение 2,5 лет отслеживать использование животными территории заповедника, места окота, сезонность миграций и многое другое. Альберт Салемгареев, специалист АСБК: “Сейчас в заповеднике "Барсакельмес" обитает около 500 куланов. Это поголовье, как и куланы нацпарка “Алтын-Эмель”, будет источником для формирования новых группировок в других регионах. Установленные спутниковые ошейники помогут нам лучше изучить поведение животных для подготовки к дальнейшей реинтродукции”.


Үш құланға серіктік қарғы тағылды

26 сәуірде Барсакелмес қорығында үш құланға серіктік қарғы тағылды. Қарғының біреуінде видеокамера орнатылған, ол түсірген фотоларды сағат сайын дерекқорға жіберіп тұрады. Біз үш құланның қозғалысы жайында хабарды ала бастадық. Бұл мәліметтер көмегімен біздің мамандар 2,5 жыл бойы құландардың қорық аумағын қалай пайдаланатынын, төлдеу орындарын, көші-қон маусымын және т.б. биологиялық ерекшеліктерін зерттей алады. Альберт Салемгареев, ҚБСА маманы: «Қазір Барсакелмес қорығында 500-ге жуық құлан бар. Оларды басқа аймақтарда жаңа құландар тобын құру үшін пайдаланады. Алдыңғы жылдары осы мақсатта Алтын Емел ұлттық саябағынан құландар көшірілген. Жануарларға тағылған серіктік қарғылардан құландардың қылықтарын танып аламыз, ол ақпарат реинтродукциялау кезінде пайдалы болады».



На весеннем учёте насчитали 190 тысяч гусей и казарок 

В период с 15 по 30 апреля проведён мониторинг редких видов гусей на пролёте. Учитывались все водоплавающие и околоводные птицы. Был обследован 31 водоем в 8 районах Костанайской области, где идет наиболее массовый пролёт гусей. Несмотря на то, что из-за раннего потепления миграция птиц началась раньше обычного, пернатым все же пришлось задержаться, так как температура воздуха вскоре упала с +24 до -16 градусов. Снег, град, дожди и сильные ветры - эти условия трудны не только для птиц, но для орнитологов. «Утром в палатках иногда образовывался толстый слой инея! Но, несмотря на превратности погоды, нам удалось насчитать более 190 тыс. гусей и казарок», - говорит Алексей Тимошенко, руководитель выезда.



Көктемгі көші-қон кезінде 190 мың қаздар мен қарашақаздар санауға алынды

15-30 сәуір аралығында сирек кездесетін қаздардың көші-қон кезіндегі мониторингі жасалды. Санаққа суда жүзетін және су маңы құстары алынды. Қостанай облысының 8 аудандарында барлығы 31 су қоймасы бақыланды, бұнда қаздардың қалың топтары шоғырланады. Күн ерте жылынып, құстардың қоныс аударуы бұрын басталғанына қарамастан, оларға кідіртуге тура келді, себебі ауа райы жақын арада +24-тен -16 градусқа дейін түбегейлі өзгерді. «Таңертең шатырларды кейде қырау басып тұрды! Бірақ, ауа райының тұрақсыздығына қарамастан, біз 190 мыңнан астам қаздар мен қарашақаздарды санауға алдық»,- дейді Алексей Тимошенко, экспедиция басшысы.


Авиаучеты и мониторинг окота сайгаков в Казахстане

Авиаучёты С 19 апреля по 3 мая по заказу "ПО Охотзоопром" Комитета лесного хозяйства и животного мира МСХ РК специалистами АСБК проводился авиаучёт численности сайгаков на территории Казахстана. Цель мероприятия - определение численности сайгаков в Казахстане в текущем году. В этом году специалисты по учётам АСБК были разделены на три группы: первая группа проводила авиаучёт устюртской и уральской популяций, а вторая и третья - бетпакдалинской.
Мониторинг окота сайги С 7 по 20 мая АСБК проводила мониторинг окота сайгаков в Казахстане. Работа велась по специальной методике на трансектах 15-метровой ширины, пересекающих участки через равные интервалы. Все встреченные в полосе сайгачата взвешивались, промерялись, и у каждого ветеринары брали пробы. В итоге во всех трёх популяциях было исследовано и помечено ушными бирками 1572 детёныша сайгака. Исследования на местах окота сайги проводится в целях изучения биологии вида: продуктивности самок, продолжительности жизни, болезней и поло-возрастного состава.


Қазақстанда киіктердің әуесанағы мен төлдеу маусымы мониторінгі жасалды

Әуесанақ 19 сәуір мен 3 мамыр аралығында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетіне қарасты «Охотзоопром» ӨБ тапсырысымен ҚБСА мамандары киіктердің әуесанағын жүргізді. Мақсаты – Қазақстандағы киіктер санын анықтау.
Төлдеу мониторингі 7-20 мамыр аралығында ҚБСА мамандары киіктердің төлдеу маусымын зерттеді. Зерттеу жұмыстары тең аралықты учаскелерді кесіп өтетін 15 метрлік ені бар трансектерде арнайы әдістеме бойынша жүргізілді. Кездескен әрбір құралайдың салмағы мен дене ұзындығы өлшеніп, мал дәрігерлері сынақтар алды. Нәтижесінде барлық үш популяция құрамынан 1572 құралай зерттеліп, құлақ сырғаларымен белгіленді. Төлдеу маусымын зерттеу жұмыстары ұрғашы жануарлардың көбею қабілетін, киіктердің өмір сүру ұзақтығын, ауруларын және жыныстық-жастық арақатынасын анықтау үшін қажет.







Похожие статьи

Оставить мнение

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив